«5-20-25»: Биыл Шымкентте 600-ден аса азамат несиелік баспанаға қол жеткізеді

0
411

«5-20-25» бағдарламасы Отбасы банк арқылы 25 жылға рәсімделіп, 20% бастапқы жарнасымен жылдық 5%-бен ипотекалық займ ұсынылады.


«5-20-25»: Биыл Шымкентте 600-ден аса азамат несиелік баспанаға қол жеткізеді

Биыл Шымкентте «5-20-25» бағдарламасы бойынша 624 азамат несиелік баспанаға қол жеткізеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған бағдарлама бойынша тұрғын үйлердің конкурсы кезең-кезеңімен Отбасы банк арқылы жүргізіліп, қазіргі таңда 422 азамат несиелік баспанаға қол жеткізді. Сонымен қатар іріктеуден өткен 56 пәтер иесімен келісім шарт түзілуде.
«5-20-25» бағдарламасы Отбасы банк арқылы 25 жылға рәсімделіп, 20% бастапқы жарнасымен жылдық 5%-бен ипотекалық займ ұсынылады. Бұл бағдарлама бойынша тұрғын үй алуға, тұрғын үй кезегіне тіркелген барлық санаттағы азаматтар сонымен қатар әскерилер, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала қызметкерлері үміткер бола алады.
Айта кету керек, «5-20-25» бағдарламасының талап шарттарына сәйкес, өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасының әрбір мүшесіне ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,7 көрсеткішінен аспайтын, яғни соңғы 6 (алты) ай ішінде орташа табысы (138 340 теңгеден) аспауы тиіс. Аталған шарттарға азаматтардың зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдар жатпайды.