Прокурор әйелге 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.
ERNUR.KZ. Шымкентте 6 жасар жиенін өлтірген әйелге үкім шығарылды. Ол қыздың қолын байлап, ваннаға батырып өлтірген, деп жазады Stan.kz.
Іс Шымкенттегі мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында ашық сот отырысында қаралды. Әйелге Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлімі "Кәмелетке толмаған адамды өлтіру" бойынша айып тағылды.
Қайғылы оқиға 2024 жылдың маусым айында болған. Қала тұрғыны әпкесінің қызы екеуі Ақпан батыр көшесіндегі жалға алынған пәтерде болған.
Прокурор әйелге 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Жәбірленушінің заңды өкілі айыпталушыны кешіріп, қатаң жаза тағайындамауды сұрады. Ал айыпталушы өз кінәсін мойындаған жоқ.
Сот К.-ны кінәлі деп тауып, оны 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Жазасын орта қауіпсіздік мекемелерінде өтейтін болады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.