Әбдірахымов Шымкенттің тарихи күнін 19 маусым деп белгілеуді ұсынды

0
1 970

Елбасы тарихты зерделеп қарауды тапсырып, жалпы 19 маусымды қала күні деп атауға қарсы емес екендігін айтты.


Әбдірахымов Шымкенттің тарихи күнін 19 маусым деп белгілеуді ұсынды

фото: ашық дереккөзден

Шымкентке арнайы іссапармен келген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен өткен жиында қала әкімі Ғабидулла Әбдірахымов Елбасының Шымкентті мегаполис деп бекіткен тарихи күнін - 19 маусым, яғни, «Қала күні» деп белгілеуді ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сондай-ақ қала әкімі Шымкенттің тарихы тарихшылардың тұжырымымен 2200 жыл екендігін айтып өтті.

Елбасы тарихты зерделеп қарауды тапсырып, жалпы 19 маусымды қала күні деп атауға қарсы емес екендігін айтты.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры Д.Қожамжарова Шымкент тарихы сонау VIII ғасырдан бастау алатындығын айта келіп, қоғам арасында талқылана бастаған ұсыныс 19 маусымды қала күні деп атауды қолдайтынын білдірді.

Шымкенттің мүмкіндігі мол екендігі, Опера және балет театры, цирк, дендросаябақ және т.б. мұның барлығы бір қалада тоғысуы сирек кездеседі. Сондықтан да Шымкент мәдени орталық болуға әбден лайықтығы, 2020 жылы ТМД мәдени астанасы боп танылған Шымқаланың бұл мәртебені абыроймен атқару керектігі де айтылды.