​Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті "open space" технологиясы бойынша жұмысын бастады

0
2 368

Шымкент қаласындағы аумақтық департаменті "Open space" форматында жұмыс жасауда.


​Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы А.Шпекбаевқа Шымкент қаласындағы аумақтық департаменттегі "Open space" технологиясы таныстырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Таныстыру барысында Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев аталған технологияның артықшылықтары, бюджет қаражатын үнемдеу және әкімшілік шығындарды оңтайландыру туралы әңгімеледі.

«Жеке қасиеттерді дамыту, өзін жетілдіруге бағытталған құндылықтар жүйесі мен жоғары моральдық қалып бұл – Агенттік жүктеген кадрлық саясаттың маңызды басымдықтары саналады.

«Өзгерістерді өзіңнен баста» принципін жүзеге асыру мақсатында 2018 жылы Агенттікпен жаңа еңбекақы жүйесі сынақтан сәтті өткізілді.

Агенттіктің саясаты барынша қызметтің ашықтық принципіне негізделген.

Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті өзінің форматын және кеңсесін өзгертті.

Жаңа кеңседе Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының қалалық филиалы, «Шымкент-адалдық алаңы жобалық кеңсесі» "Open space" форматында орналасқан.

Департаменттің барлық басқармаларының жұмысы ашық, ал басқарма басшылары мамандардың жанында отырады.