«Аңсаған сәби»: Шымкент қаласына 400-ден астам квота бөлінді

0
656

2021 жылы Шымкент қаласына 403 квота бөлінді.


«Аңсаған сәби»: Шымкент қаласына 400-ден астам квота бөлінді

«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында Шымкент қаласына 413 квота бөлінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы іске қосылды, онда 2026 жылға дейін ЭКО-ға жыл сайын 7000 квота бөлу көзделген. 2021 жылы Шымкент қаласында 403 квота бөлінді, (2022 жылы – 413), 41 – қазір жүкті, 90 – ана балалы болу бақыттын сезінді.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният брифинг барысында мәлімдеді.

Министр Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында атқарылған ауқымды жұмыстар мен жоспарларға тоқталып өтті.

Атап айтар болсақ, ана мен баланы қорғау мәселесіне тоқталды. 2021 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің бүкіл тарихында бала туылудың ең жоғары қарқыны болып 450 мыңнан астам бала, оның ішінде Шымкент қаласында 33 мыңға жуық бала (2020 жылы – 30 мың бала) дүниеге келген.

Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдар шешімімен инфекциялық, онкологиялық және перинаталдық орталықтардың дербес стационар ретінде де, көп бейінді аурухананың құрамында да жұмыс істеуі көзделеді.

Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті қаржыландыру үлесін денсаулық сақтауды қаржыландырудың жалпы көлемінің 60%-ына дейін жеткізу бойынша жұмыс жалғасуда, ол ағымдағы жылы 55%-ды құрады.

Біз қашықтықтан медицинаны дамытуға көңіл бөлудеміз. Тек өткен жылдың өзінде 6,5 млн. қашықтықтан қызмет көрсетілді, оның ішінде 1 млн. астам ауыл тұрғындарына.

Ауылдық денсаулық сақтау саласына жеке тоқталғым келеді. Қазіргі уақытта ауылда 5 мың 397 медициналық ұйым (2895 – медпункт, 790 – фельдшерлік пункт, 1282 – амбулатория, 227 – емхана, 203 – аурухана) медициналық көмек көрсетеді.

Мемлекет Басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, 8 перзентханалардың құрылысы жоспарлануда, соның ішінде Шымкент қаласында – 1.

Халық саны 50 адамға дейінгі елді мекендерде үйде медициналық қызметкермен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңа мемлекеттік нормативі (Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-59 бұйрығы) бекітілді, бұрын аталған ауылдарда мұндай мүмкіндік болмаған.

Тұрғындар саны 50 - ден 500 адамға дейінгі ауылдарда медициналық пункттер ашу, халық саны 500-ден 1500 адамға дейін (бұрын 800-ден 1500-ге дейін болған) - фельдшерлік-акушерлік пункттер құру көзделеді.