Жеңілдікті санаттағы жолаушылар үшін виртуалды тарифтер енгізіліп, физикалық көлік карталарын пайдаланудан толық бас тартуға мүмкіндік берілген.
Шымкент қаласында қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру және тасымалдаушылардың жауапкершілігін күшейту мақсатында «Avtobys» электрондық билет жүйесі іске қосылды.
Бүгінде бұл жүйе Қазақстанның 17 қаласында және Қырғыз Республикасының Ош қаласында табысты жұмыс істеп жатыр. Отандық технологиялар негізінде жасалған «Avtobys» жүйесі қоғамдық көлікте заманауи әдістер мен шешімдерді енгізу арқылы жолаушыларға тиімді және ыңғайлы қызмет көрсетуді көздейді.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «2024 жылдың 9 айында жолаушылар тасымалы саласында атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтіп, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ибрагимов Ролан Бекмағамбетұлы, «Smart mobility» ЖШС директоры Камидоллин Жомарт Ерболатұлы және Баймаханбет көлік саласының сарапшысы Байболат Досалыұлы өздері тиісті салалар бойынша БАҚ өкілдеріне баяндады.