«Бақытты жанұя»: Шымкентте көпбалалы аналар тігіншілік кәсібін меңгерді

0
1 686

Аналарға арнайы сертификаттар табысталды.


«Бақытты жанұя»: Шымкентте көпбалалы аналар тігіншілік кәсібін меңгерді

Шымкент қаласындағы «Бақытты жанұя» көпбалалы аналарды әлеуметтік қолдау орталығы мен «Ізгілікте жарысайық» қоры бірлесе жүргізетін тігін курсын тәмәмдаған 8 анаға салтанатты түрде сертификаттар табысталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тігіншілік мамандығын меңгеріп шыққан асыл аналарымыз «Ізгілікте жарысайық» үкіметтік емес ұйымының 4 жылдық мерейтой кешінде марапатталып, концертке қатысты.
Кеш барысында аналарымыз өз қолдарынан шыққан ұлттық нақыштағы камзолдарын киіп, балалары мен отбасына арналған түрлі киім үлгілерін пішіп, тігуді меңгеріп шыққандарын көрсетіп, кішігірім көрме ұйымдастырды.
«Балық берме қармақ бер» деген нақыл сөзді басшылыққа алып, орталықта 45 күн оқып, жаңа мамандықты меңгеріп шыққан асыл жандар ендігіде осы кәсіптерінің арқасында үйде отырып та табыс таба алатындықтарына дән риза болуда.