Шымкент қаласында жаздағы шомылу маусымына орай қауіптің алдын алу бойынша жұмыстар қарқынды жүріп жатыр.
Қазір жаз маусымы. Балалардың жазғы демалысы, ересектердің еңбек демалысы, серуендеу және әрине, шомылу уақыты. Яғни теңізде, бассейнде, су айдынында шомылу. Бірақ, қай жерде шомылсаңыз да, ешқашан судағы қауіпсіздік ережелері туралы ұмытпау керек.
Осыған орай, Шымкент қаласының демалыс орындарында бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізілді.
Сондай-ақ, ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша судағы қаіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 2 адамға айыппұл салынды.
ТЖД қызметкерлері судағы жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында балаларды жүзуге де үйретуде. Нақтырақ айтар болсақ, «Hawai» жазғы сауықтыру лагерінде 50-ден аса балаға құтқарушы-сүңгуірлер суда жүзуді үйретті.
Қазір жазғы маусым кезінде балалардың көбі суға түскенді ұнатады. Бұл ата-аналардың өз баласының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау керек екенін еске салды. Осыған байланысты ТЖД қызметкерлері ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырады.