​"БИІК-ШЫМКЕНТ" - он екі дүркін ел чемпионы атанды

0
508

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков чемпиондарға арнайы кубокты табыстады.


​

«БИІК-Шымкент» футбол командасы осымен он екі дүркін ел чемпионы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әйелдер арасындағы футболдан «Намыс» стадионында кезекті ел чемпионаты аяқталды. Биылғы доп додасын қорытындылаған ХХ тур ойындарында алаң иелері «Оқжетпес» клубының футболшыларын 6:0 есебімен жеңді.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков чемпиондарға арнайы кубокты табыстап, құттықтауын жеткізді.
Чемпионат қорытындысында «Тұран-Томирис» күміс жүлдегер атанса, көкшетаулық «Оқжетпес» қола жүлдеге ие болды. Ел чемпионатында үздік ойын үлгісін көрсеткен спортшыларға да құрмет көрсетілді.
Үздіктер қатарында «БИІК-Шымкент» командасының үш футболшысы бар. «Үздік жартылай қорғаушы» номинациясы Карина Жұмабайқызына, «Үздік қорғаушы» номинациясы Бибігүл Нұрышеваға берілді, чемпионаттың «Ең үздік ойыншысы» болып Әселхан Тұрлыбекова танылды. Ал шымкенттік команданың сапындағы голдар санын 300-ге жеткізген тәжірибелі шабуылшы Гүлнара Габелия федерацияның арнайы сыйлығына ие болды.
“Биік-Шымкент” 2024 жылы УЕФА чемпиондар лигасында ел намысын қорғайтын болады.