Адам өмірін жалмаған барлық апатқа жылдамдықты арттыру, жол ережелерін сақтамау салдары себеп болған көрінеді.
иллюстрациялық фото ашықдереккөзден
Түркістан облысы мен Шымкент қаласында биылғы жылдың бір айында жол-көлік оқиғасынан 22 адам қайтыс болған. Одан бөлек тағы да 19 адам жарақат алған. ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және ақпарат орталығының апаттар картасының мәліметі осылай деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
2019 жылдың қаңтар айында Түркістан облысы мен Шымкент қаласында жалпы 21 жол көлік оқиғасы тіркелген. Оның 7-еуі Шымкентте орын алған. Тек Түлкібас ауданы, Шақпақ баба ауылында көлік жүргізушісі ғана мас күйінде жаяу жүргіншіні қағып өлтірген. Қалған жол көлік оқиғаларына себепкер көлік жүргізушілері темір тұлпарды сап-сау күйінде тізгіндеп апатқа жол берген.
Қоғамдық көліктің жаяу жүргіншіні қағып кету 2 фактісі орын алған. Еске салайық, 2019 жылдың 15 қаңтарында Шымкентте "ЛТД Тұрмыс" ЖШС нің көше тазалаушысын автобус жаншып өлтірген еді. Тура осыған ұқсас қайғылы оқиға 29 қаңтар күні Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Бесікбөр ауылында орын алған. Адам өмірін жалмаған барлық апатқа жылдамдықты арттыру, жол ережелерін сақтамау салдары себеп болған көрінеді.