Биыл Шымкентте 10-ға жуық елді мекен табиғи газбен қамтылады

0
527

Шымкент қаласында 81 елді мекеннің 42-і табиғи газбен толық қамтылған.


Биыл Шымкентте 10-ға жуық елді мекен табиғи газбен қамтылады

2022 жылы Шымкентте 8 елді мекен табиғи газбен қамтылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Шымкент қаласында 81 елді мекеннің 42-і табиғи газбен толық, 31-і жартылай қамтамасыз етілсе, 8 елді мекен қамтылмаған. 2021 жылы газбен қамту көрсеткіші 93,0 пайызға жетті. 2022 жылы бұл көрсеткішті 94,7 пайызға ұлғайту жоспарлануда.
Атап айтқанда, өткен жылы 8 жобаның құрылысы аяқталған болатын. Биыл 2 магистралды жүйенің, 8 елді мекенде (Тұран, Көкбұлақ, Ақтас 1,2, Батыс, Ақжар, Арғымақ, Нұртас) құрылыс жұмыстары жүргізіледі.
2023 жылы 8, 2024 жылы 12 елді мекен табиғи газбен толық қамтылып, 2025 жылы бұл көрсеткіш 100 пайызға жетеді деп күтілуде.