Оның ішінде қоғамдық қауіпсіздікке арналғаны – 800 болса, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 200.
Шымкент қаласында биыл 1000 бейнебақылау камераларын орнату жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шаһар аумағында тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы әрі қауіпсіз қала ету мақсатында жыл сайын көшелерге және көп қабатты тұрғын үйлерге қойылып жатқан бейнебақылау камераларының саны артып келеді.
Нақтырақ айтсақ, былтыр қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қала аумағында қосымша 3137 бейнебақылау камералары орнатылды. Оның ішінде 877 көше қиылыстарына, 800 желілік учаскелерге және 1500 жалпы бейнебақылау камералар. Ал биыл қосымша 1000 бейнебақылау камераларын орнату жоспарланып отыр. Оның ішінде қоғамдық қауіпсіздікке арналғаны – 800 болса, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 200. Олардың барлығы Полиция департаментіне қарасты жедел басқару орталығы арқылы басқарылады.
Қаланы бейнебақылау камералармен қамту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады. Атап айтар болсақ, «Цифрландыру, ғылым және инновациялар арқасында технологиялық серпіліс» Ұлттық жоспарына сәйкес, 2023 жылы 1500, 2024 жылы да 1500, ал 2025 жылы 2500 бейнекамералар қойылмақ.