Биыл Шымкентте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 6 мектептің құрылысы аяқталады

0
526

Жобада жайлы мектептің ерекшеліктері бекітілген.


Биыл Шымкентте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 6 мектептің құрылысы аяқталады

Шымкент қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мақсатында 2025 жылға дейін 28 мың орындық 18 мектептің құрылысын салу жоспарланған.

2023 жылы 17 300 орындық 12 ғимаратты салуға республикалық бюджеттен тиісті қаражат қаралған.

Бүгінгі таңда қаладағы 275 мектепте 259 173 оқушы білім алуда (мемлекеттік - 150 мектеп, 206 286 оқушы, жекеменшік – 125 мектеп, 52 887 оқушы).
2024-2025 жылдарға жоспарланған 6 мектеп қатарына:
1. Достық шағын ауданында 2000 орындық мектеп;
2. Бозарық-3 шағын ауданында 2000 орындық мектеп;
3. Асар-2 шағын ауданында 1 500 орындық мектеп;
4. Шым-Сити шағын ауданында 2 000 орындық мектеп;
5. Ш.Қалдаяқов көшесі бойында 1 500 орындық мектеп;
6. Пахтакор шағын ауданында 2 000 орындық мектеп.
Жобада жайлы мектептің ерекшеліктері бекітілген. Бастауыш және жоғарғы сыныптарға арналған ғимараттың жеке блоктарының болуы, пәндік кабинеттердің толық жиынтығы, еңбекке баулуға арналған әмбебап шеберханалар мен студиялар, жабдықталған спорт зал мен асханалар және арнайы талаптарға сай қауіпсіздік жүйелері қамтылған.
Бөлісу