Биыл шымкенттік спортшылар ел чемпионттарында 500-ге жуық алтын медаль жеңіп алды

0
1 339

372 - күміс, 398 - қола медаль қоржынға түсті.


Биыл шымкенттік спортшылар ел чемпионттарында 500-ге жуық алтын медаль жеңіп алды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Биыл Шымкенттік спортшылар Қазақстан республикасының чемпионттарында 500-ге жуық алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалада жалпы алғанда 71 спорт түрін дамыту жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде 37 - олимпиадалық, 34 - олимпиадалық емес спорт түрі.

2022 жылдың алты айында қала спортшылары Қазақстан республикасының чемпионттары мен біріншіліктерінде спорттың 71 түрінен 416 - алтын, 372 - күміс, 398 - қола медаль жеңіп алды.

Сонымен қоса, жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттарында 39 - алтын, 18 - күміс және 24 - қола медальге ие болды. Ал, Әлем чемпионаттарында 28 - алтын, 15 - күміс, 8 - қола еншіледі.

Айта кетейік, Шымкент қаласында 2021 жылдың II- жарты жылдығынан бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы іске асырылуда.

2022 жылы жан басына шаққанда қаржыландыру жобасының мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыруға жергілікті бюджеттен 2 323,0 миллион теңге қаржы бағытталып, спорттық секцияға 4-пен 18 жас аралығындағы балалардың жалпы санының 16%-ын қамту жоспарланған болатын.

Бүгінгі күні мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру платформасына 130 кәсіпкерден өтінім түсіп, оның ішінде 85 кәсіпкер біліктілік іріктеуден өтті.

Қазіргі таңға дейін, мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша ата-аналардан 17 спорт түрі бойынша жалпы саны 22 536 өтінім түсіп, 17 234 баланың ата-аналарымен келісім-шарт жасалды. Балалар аталған бағдарлама негізінде баскетбол, бокс, еркін күрес, грек-рим, дзюдо, каратэ, таеквондо, жүзу, үстел теннисі, футбол, шахмат, көркем гимнастика, волейбол, пауэрлифтинг, қазақ күресі, футзал, тенниске қатыса алады.

2022 жылдың қаңтар айында – 109 миллион теңге, ақпан айында – 179 миллион теңге, наурыз айында – 208 миллион теңге игерілді. Осы жоба аясында 264 жаттықтырушы және 150-ге жуық басқада қызметкерлер жұмыспен қамтылды. Жалпы саны 414 адам.

Мемлекеттік спорттық тапсырыс арқылы 2023 жылы 18 000 баланы (20%), 2024 жылы 20 000 баланы (22 %) спорттық секциямен қамтамасыз ету жоспарлануда.