​«БІЗ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ТАҢДАЙМЫЗ!»: Шымкентте денсаулық апталығы өтіп жатыр

0
264


​«БІЗ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ТАҢДАЙМЫЗ!»: Шымкентте денсаулық апталығы өтіп жатыр

Шымкентте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Репродуктивті денсаулық апталығы өтуде.

Апталық аясында бүгін «Арбат» демалыс аймағында «Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз!» атты іс-шара өтті.
Репродуктивті денсаулық апталығы жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығының маңыздылығы, жоспарланбаған жүктілікті және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды болдырмау әдістері туралы төмен хабардарлығы, АИТВ инфекциясы мен ЖЖБИ-дің таралуының өсуі, сондай-ақ жатыр мойны қатерлі ісігін тудыратын адам папиллома вирусының алдын алу қажеттілігі сияқты мәселелерді шешуге бағытталған.
Арбатта Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты 5 Жастар денсаулық орталығының уролог, гинеколог, психолог дәрігерлері жастарға медициналық кеңес берді. Сондай-ақ ЖИТС-тің алдын алу мен оған күрес орталық қызметкерлері жедел тест сынамасын алып, АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Апталыққа Шымкент қалалық №6 емхананың Жастар денсаулық орталығының дәрігерлері атсалысты.
Іс-шарада 290-ға жуық жастар мен жасөспірімдер қамтылды. Оның 197-і кәмелетке толмаған жасөспірімдер.
Экспресс тест алынғандар саны — 29 адам.
Апталыққа жастар арнайы ұйымдастырылған спорттық шараға белсенді қатысып, өзара сайысты. Жарыста үздік атанған жастарға марапат беріліп, түрлі сыйлықтар табысталды.

Ақпарат үшін:

АИТВ-инфекциясының тек осы ауруға тән айрықша белгілері мен симптомдары болмайды және ол зертханалық тексеру кезінде, атап айтқанда адамның қанын талдау кезінде анықталады. АИТВ-оң статусы бар адам өзінің жұқтырғаны туралы күдіктенбеуі мүмкін, мұндай жағдайларда АИТВ қосалқы аурулардың бірігуінен кеш анықталып жатады. Әлемде әрбір 5 минут сайын 10 адам АИТВ жұқтырса, оның ішінде 8-і жыныстық жолмен жұқтырады. Жыныстық қатынас халық арасында инфекцияның тез таралуына ықпал етеді. Бір рет болса да қорғалмаған жыныстық қатынасқа түскен және өз серіктесінің АИТВ-статусы туралы білмейтін барлық адамдар тәуекел аймағына жатады. Демек, оның есірткі қолдануына немесе қолданбауына қарамастан, жыныстық қатынаста өмір сүретін кез келген адамға – инфекция жыныстық жол арқылы жұғуы әбден мүмкін.

Бөлісу