Бұзақылар шымкенттік полиция қызметкерін пышақтап кетті

0
1 222

Жаралы полиция қызметкері қалалық ауруханалардың біріне жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетілді.


Бұзақылар шымкенттік полиция қызметкерін пышақтап кетті

Шымкенттік полицияны пышақтап кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қ. ПД-нің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Шымкент қаласының полиция қызметкерлері көшелерді бақылау кезінде автотұрақ маңында күдікті тұлғаларды байқап жағдайды анықтамақ болған уақытында күдіктінің біреуі қашпақ болды. Учаскелік полиция инспекторы сол мезетте артынан қуып, ұстау кезінде күдіктінің біреуі полиция қызметкеріне қарсылық білдіріп, бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Соған қарамастан жаралы полиция қызметкері қолмен күрес әдісін қолданып қылмыскерді ұстады.

Жаралы полиция қызметкері қалалық ауруханалардың біріне жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетілді.
Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, оларға қатысты ҚР ҚК 380 прим.1 бабымен «Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық» бабымен сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.