«Dala battle»: Шымкентте әскери-патриоттық іс-шара өтті

0
757

Аталған шараның мақсаты - оқушылардың дене даярлығын, спорттық шеберліктерін арттыру және патриотизмге баулу.


«Dala battle»: Шымкентте әскери-патриоттық іс-шара өтті

Шымкент қаласы Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен №75 мектеп-гимназиясының жастары арасында «Dala battle» тақырыбы аясында әскери-патриоттық іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған шараның мақсаты - оқушылардың дене даярлығын, спорттық шеберліктерін арттыру және патриотизмге баулу.
Іс-шараға Тұран ауданы төтенше жағдайлар департаменті инспекторы Жорабек Нұрсұлтан қатысып, білім беру ұйымында қауіпсіздік шараларын сақтауға арналған дәріс оқыды. Сондай-ақ, табиғи және өзге де техногенді апаттар кезінде педагогтар мен оқушыларды қорғауға қатысты іс-қимылдар жөнінде түсіндірді.
Өрт сөндіру жұмысын практикалық негізде көру мақсатында оқушылар арнайы тактикалық оқу-жаттығуларынан өтті. Онда жедел шақыртылым кезеңіндегі саптық жиын мен өрт сөндіру барысындағы жедел іс-әрекет кезеңдері көрсетілді.
Сонымен қатар, оқу жаттығуларына белсене ат салысқан оқушылар жастар ресурстық орталығы басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.

Айта кетейік, Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасында қысқы оқу кезеңіндегі жауынгерлік даярлық деңгейін анықтау үшін бақылау тексерісін тапсыру аяқталды. Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әскери бөлімнің бөлімшелері штаттық қару-жарақ пен әскери техниканы меңгерудің лайықты іскерлік деңгейі мен дағдыларын көрсетті. Атап айтқанда мотоатқыштар, танк, артиллерия, инженерлік бөлімшелердің әскери қызметшілері штаттық қару-жарақ пен атыс қаруынан бақылау ату жаттығуларын орындады. Сондай-ақ, арнайы, тактикалық, техникалық, инженерлік дайындық, радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау және техниканы жүргізу бойынша нормативтерді орындады. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының арнайы комиссиясы әрбір әскери қызметшінің жауынгерлік дағдыларының деңгейін және бөлімшелердің үйлесімділігін, жауынгерлік кезекшіліктің жай-күйін, қару-жарақ пен әскери техниканың техникалық жай-күйін бағалады.