Е.Айтаханов: «Әл-Фарабидің хит өлеңдерін қазақ еліне паш етеміз»

0
2 978

2020 жылы жылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы тойланады.


Е.Айтаханов: «Әл-Фарабидің хит өлеңдерін қазақ еліне паш етеміз»

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласының әкімі 2020 жылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің хит өлеңдері қазақшаға аударылатынын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ elitar.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов «Болашақ» ұйымының ұйымдастыруымен өткен «Жастар саясатының маңызды трендтері» атты кездесуде мәлімдеді.

«Келер жылы ұлы Абайдың 175 жылдығы атап өтіледі. Үлкен дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Оған жастар да атсалысуы керек деп ойлаймын. Сонымен қатар, келесі жылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы тойланады. Оның еңбектерін елдің, әлемнің бәрі біледі. Керек десеңіз, ол нотаның авторы. Сіздер Әл-Фарабидің өлеңдері болғанын білесіздер ме? Өкінішке орай, оның бірде-бірі қазақ тіліне аударылмаған. Отырар ауданында әкім боп істеп жүргенімде оның өлеңдерін қазақ тіліне аудару мәселесін қолға алған болатынбыз. Ол жұмыстар жалғасын тауып жатыр. Келесі жылы барлығы болмаса да, хит өлеңдерін қазақ еліне паш етеміз деген жоспарымыз бар», - деді Шымкент әкімі өз сөзінде.