«EL UMITI»: Шымкентте республикалық олимпиаданың екінші кезеңі өтті

0
698

Оған 2331 оқушы қатысты.


«EL UMITI»: Шымкентте республикалық олимпиаданың екінші кезеңі өтті

Шымкент қаласында республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оған 2331 оқушы қатысты. Нәтижесінде 975 оқушы І, ІІ және ІІІ орындарды иеленді. Олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңінің ережесіне сәйкес, әр сынып әр пән бойынша ең жоғары ұпай жинаған 12 оқушыдан (кей пәндерден ұпай сандары бірдей болуына байланысты оқушы саны артты) келесі кезеңге жолданады.
8-11 сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша зерттеу жобалар конкурсының қалалық кезеңінде математика, қолданбалы математика, физика, биология, химия, информатика, техника, жер және ғарыш туралы ғылым, экономика, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы, адам және қоғам, өлкетану, тарих, әдебиет (қазақ, орыс), этномәдениеттану, тіл білімі ( қазақ, орыс, ағылшын) секциялары бойынша 690 оқушы өз жұмыстарын қорғады. Нәтижесінде 298 оқушы келесі кезеңге жолдама алды.
Ал, 2-7 сынып оқушылары арасындағы “Зерде” республикалық зерттеу жобалар конкурсының қалалық кезеңі жыл басында 9-13 қаңтар күндері аралығында «Parasat AJ» жекеменшік орта мектебінде ұйымдастырылды. Әртүрлі секция бойынша 859 оқушы қатысып, нәтижесінде 511 оқушы І, ІІ және ІІІ орындарды иеленді.
2-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» зерттеу жобалар конкурсының республикалық кезеңіне Шымкент қаласының атынан 24 оқушы жолдамаға ие болды.
Айта кетейік, академиялық адалдық пен ашықтықты сақтау мақсатында олимпиада «El umiti цифрлық онлайн платформасы» ақпараттық жүйесінде веб-камера, фотофиксациямен прокторинг сервисін пайдалана отырып, әр минут сайын суретке түсіру арқылы электрондық форматта өткізілді.