​Eлімізде алғаш рет цирк жайлы сериал түсіріліп жатыр

0
1 550

Бұл көркем фильм Қазақ мемлекеттік циркінің 50 жылдығына арналады.


​Eлімізде алғаш рет цирк жайлы сериал түсіріліп жатыр

«Сақ» киностудиясы мен «Шымкент-Цирк» бірлесіп цирк жайлы «Манеж» сериалын түсіріліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы «Шымкент-Цирк» МКҚК-нің директоры Арман Алиев мәлімдеді.

– Сериалды түсірудегі негізгі мақсат – цирк өнерін насихаттап, оның қаншалықты күрделі сала екенін көрсету. Фильмде әртістердің төккен тері, ғажайыптар құпиясы және ерекше бағдарламалары көрсетіледі. Осы ретте көрермен республикадағы үшінші кәсіби цирктің құрылуын, қалыптасуын, сондай-ақ жастарды циркке баулуды және аңдармен жұмыс жасау өнері секілді қызықты оқиғаларды тамашалайды. Бұл сериал – еліміздегі алғашқы жоба, яғни, мұны Шымкенттің бренді ретінде қабылдауға болады, – деді Арман Махмұтұлы.

Идея авторы Шымкент қаласы «САҚ» киностудиясының режиссері Батырхан Дәуренбековтің айтуынша, бастапқыда 25 минуттан тұратын 10 бөлімі түсірілмек. Егер сериал көрермендерді қызықтырып жатса, жалғастырылады. Ал «САҚ» киностудиясының директоры Нуриддин Паттеевтің сөзінше, аталған фильм киностудияның өз қаржысына түсірілуде. Осы жылдың соңына дейін екі сериясын жарыққа шығару жоспарланып отыр.

Айта кетейік, қос шығармашылық ұжым бірлесе отырып, цирктің күнделікті тыныс-тіршілігін көрсететін танымдық бұл көркем фильм Қазақ мемлекеттік циркінің 50 жылдығына арналады. Мұндағы сюжеттер «Шымкент-Циркте» және қаланың көрікті жерлерінде түсіріледі.