"Этномедиацияны жүзеге асыру - уақыт талабы": Шымкентте семинар өтті

0
566

Оған қаламызда тұратын түрлі этнос өкілдері де қатысты.


Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты "Қоғамдық келісім" КММ-нің ұйымдастыруымен "Этномедиацияны жүзеге асыру -уақыт талабы" тақырыбы бойынша медиараторлардың қатысуымен семинар өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оған қаламызда тұратын түрлі этнос өкілдері де қатысты.

"Медиация туралы" заң 2011жылы 28-қаңтарда қабылданған. Бұл заң азаматтық, еңбек, отбасылық даулардың дұрыс шешімін табуына қазіргі уақытта өз септігін тигізуде..
Семинарды "Халықаралық медиация орталығы" республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша өкілдігінің директоры, Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің төрайымы Лаура Ақшегірова жүргізді.

Сондай-ақ, аталған жиынға Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподағы бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, "Шымкент адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Жани Қамбар, Шымкент қаласы "Қоғамдық келісім" КММ бөлім басшысы Азиза Исаева, татар этномәдени бірлестігінің төрайымы Сайма Нажиповна этномедиация туралы өз ойларын ортаға салды.

Сонымен қатар, шара барысында Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы жобасының таныстырылымы жасалды.