Ғабит Сыздықбеков: ӘР ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА БІЗ ҮШІН ӨТЕ МАҢЫЗДЫ

0
716


Ғабит Сыздықбеков: ӘР ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА БІЗ ҮШІН ӨТЕ МАҢЫЗДЫ

Бүгін қала әкімі шетелдік инвестор “Guyi Holding Company” өкілдерімен кездесті. Кездесу Сиань қаласындағы жұмыс сапары барысында қол жеткізген уағдаластықтар қорытындысы бойынша өтті.

Жалпы бұл Компания Шымкентте электромобиль шығару бойынша ірі инвестициялық жобаны қолға алмақ. Жоба екі кезең бойынша жүзеге асады деп жоспарланып отыр. Атап айтқанда, электромобиль құрастыру өндірісін іске қосу, сырлау және дәнекерлеу цехын салу және қосалқы бөлшектер шығару.
Бұдан бөлек, аталмыш компания қаланы көгалдандыру және тұщы су ресурстарын кәдеге жарату жобаларын жүзеге асыруға қызығушылық танытты.
Ал шаһар басшысы кездесу барысында холдинг басшылығына қаламызға қызығушылық білдіргені үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ мегаполистің инвестициялық әлеуеті мен инвесторларға жасалып жатқан жағдайға тоқталды.
- Әр инвестициялық жоба біз үшін өте маңызды және өз кезегінде бірлескен жобаларды сәтті жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын, - деді қала әкімі кездесу соңында.
Бөлісу