Ғабит Сыздықбеков сапасыздыққа жол берген мердігерлер жауапкершілігін арттыруды тапсырды

0
547

Ғимараттың күрделі жөндеуіне көңілі толмаған қала әкімі әрлеу жұмыстары мен қабырғалардың сапасыздығын сынға алды.


Ғабит Сыздықбеков сапасыздыққа жол берген мердігерлер жауапкершілігін арттыруды тапсырды

ERNUR.KZ. Шымкент қаласы Қазығұрт шағын ауданындағы №66 жалпы орта білім беретін мектеп былтыр күрделі жөндеуден өткен. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков аталған нысанға барып, атқарылған жұмыстарды бақылады.

Құрылыс өткен жылдың маусымында басталып, желтоқсан айында аяқталған болатын.


Іргетасы осыдан отыз жыл бұрын қаланған ғимараттың сыйымдылығы – 1 260 орындық. Мұнда қазір 2 мыңнан аса оқушы білім алуда. Екі ауысымды мектепте 65 оқу кабинеті, кітапхана, еңбекке баулуға арналған арнайы кабинеттер, мәжіліс залы, асхана қарастырылған.

Ғимараттың күрделі жөндеуіне көңілі толмаған қала әкімі әрлеу жұмыстары мен қабырғалардың сапасыздығын сынға алды. Құрылыс басқармасының басшысына мердігерлер есебінен кемшіліктерді шұғыл ретке келтіруді тапсырды. Сондай-ақ алдағы уақытта жеке компаниялардың жауапкершілігін арттыру мақсатында қадағалау жұмыстарын күшейту бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.