Ғабит Сыздықбеков шымкенттіктерді Қала күнімен құттықтады

0
279

"Еңбектеріңіз бен туған жерге деген адалдықтарыңыз үшін рахмет! "


Ғабит Сыздықбеков шымкенттіктерді Қала күнімен құттықтады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мегаполис тұрғындары мен қонақтарын Қала күнімен құттықтады.

"Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Баршаңызды Қала күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Шымкент - сан ғасырлық тарихы бар, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін, бейбітшілік пен келісімде түрлі этностар мен конфессиялардың өкілдері өмір сүретін шуақты қала. Шымкент тек жергілікті халық үшін ғана емес, мегаполисті гүлдендіруге үлес қосқан барша азаматтар үшін де қасиетті мекенге айналған.
Жыл сайын шырайлы қала көркейіп, халықтың өмір сүруіне жайлы мекенге айналуда. Біз қаламыздың келбеті мен тарихи дәстүрлерін сақтай отырып, мегаполисті халықтың өмір сүруіне қолайлы етуіміз керек.
Зәулім үйлердің құрылыс қарқыны, аулалардың абаттандырылуы, спорт алаңдарының салынуы, инфрақұрылымның дамып, қоршаған ортаның жақсаруы қуантады. Игіліктің барлығы - сіз бен біздің ортақ еңбегіміз. Күн сайын сіздермен бірге қаланың тарихына куә болудамыз. Қаламызды абаттандырылған, көрікті және жайлы қалаға айналдырамыз.
Шымкенттің болашағы жарқын екеніне сенімдімін, ал оның еңбекқор және қамқор тұрғындарының ауқымды жобаларды жүзеге асыруына мүмкіндіктері мол.
Құрметті жерлестер!
Еңбектеріңіз бен туған жерге деген адалдықтарыңыз үшін рахмет! Өз еңбегімен, күшімен және талантымен қаламыздың дамуы мен әл-ауқатына өлшеусіз үлес қосқан баршаңызға шын жүректен алғыс айтамын. Сіздерге зор денсаулық, бақыт, тек жақсылық, барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!
Сүйікті қаламыз көркейіп, халқымыздың тұрмысы жақсара берсін!", делінген қала әкімінің құттықтауында.
Бөлісу