​ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ: «Жалған сандармен емес, шынайы экономикамен өмір сүрейік»

0
352

Құрылыс жұмыстарының көлемі 55,7 млрд теңгені құрап, 30,7 пайызға ұлғайғаны байқалған.


​ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ: «Жалған сандармен емес, шынайы экономикамен өмір сүрейік»

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте мегаполистің қаңтар – мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму барысы, салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар пысықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Есқараев даму көрсеткіштерін баяндап, бұл кезеңде оң динамика қалыптасқанын жеткізді.

Басқармасының басшысы баяндағандай, жоғарыда аталған бес ай ішінде инвестиция көлемі 17,4 пайызға артып, 203,6 млрд теңгені құраған. Оның ішінде мемлекеттік инвестиция көлемі 29,5 млрд. теңге болса, жеке инвестиция көлемі 174,1 млрд. теңгеге жеткен. Ал құрылыс жұмыстарының көлемі 55,7 млрд теңгені құрап, 30,7 пайызға ұлғайғаны байқалғандығын атап өтті Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Есқараев.
Қала әкімі сала басшысының баяндамасына қатысты өз пікірін білдірді.
«Жалған сандармен емес, шынайы экономикаммен өмір сүйрейік. Көрсеткіштерді талдап, қай жерде проблема бар, сол жерге күш салып, нақты нәтижеге жұмыс істейік» - деді Ғабит Сыздықбеков.

Сонымен қатар қала әкімі тиісті басқарма басшыларына мегаполис аумағындағы заңсыз берілген жерлерге қатысты заң шеңберінде шараларды күшейтіп, дендрологиялық саябақ пен «Арбат» алаңына абаттандыру, көріктендіру жұмыстарын жүргізуді және ойын атракциондарының қауіпсіздігін жақсартуды тапсырды. Барлық аудан, сала басшыларына бюджеттің сапалы орындалуы, 2025 жылғы бюджеттік өтінімдерді әзірлеу бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Бөлісу