Комиссия хатшысы – Шымкент қаласының ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі Аслан Ордабаев болды.
Алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс отыз жетінші сессиясында депуттаттар біршама маңызды шешімдер қабылдады. Сессияға қала әкімі Ғ.Әбдірахымов қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ерлан Омаров төрағалық еткен сессия барысында халық қалаулылары 2018-2020 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджетіне өзгерістер мен қосымшалар енгізуді бірауыздан қолдады.
Сондай-ақ, қала әкімдігі жанынан құрылатын бірнеше комиссия құрамын бекітті:- жер комиссиясы;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
- құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
- терроризмге қарсы комиссия;
- адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
- кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия;
Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының төрағасы болып Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай, комиссия төрағасының орынбасары болып Шымкент қаласы ІІД бастығының бірінші орынбасары тағайындалды.
Комиссия хатшысы – Шымкент қаласының ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі Аслан Ордабаев болды.Комиссия мүшелері ретінде қаладағы басқарма басшыларымен қатар, аудан әкімдері мен «Сана сезім» әйелдер бастамалары құқықтық орталығының директоры Хадиша Абдышева да бекітілді.