Наурыз алаңында өткен “Otbasy Fest” мерекелік іс-шарада қала тұрғындарына пәтер кілттері табыс етілді.
фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
ERNUR.KZ. Айта кетейік, Отбасы банк тарапынан «Қамқор» өңірлік бағдарламасы іске қосылған болатын. Қала тұрғындары бағдарлама бойынша жеңілдетілген несиемен белгілі құрылыс компаниялары тарапынан баспанамен қамтылуда.
Тұрғын үйлер инфрақұрылымы дамыған елдімекендерде орналасқан. Қазіргі таңда аталған «Қамқор» өңірлік бағдарламасы тұрғындардың баспаналы болуында бірегей жобалардың бірі. Шымкент қаласы әкімдігінің өңірлік бағдарламасы арқылы 368 тұрғын пәтермен қамтылды.
Салтанатты кеш Қала күніне орайластырылған танымал эстрада жұлдыздарының концертіне ұласты.