Шымкент қаласы мәслихатының депутаттық корпусында 27 депутат жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Осы атаулы күнге орай Шымкент қаласы мәслиxатының кезекті 58-отырысында бірқатар азаматтар, атап айтсақ, ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан үлесі үшін қала әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтаханов, мәслихаттың ардагер депуттатары және құқық қорғау органдары мен қалалық мәслихаттың халық қалаулырары "Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл" мерекелік медалімен марапатталды.
Жалпы, қазіргі уақытта Шымкент қаласы мәслихатының депутаттық корпусында 27 депутат жұмыс істейді.
Айта кетейік, бұған дейін аталған мәслихат сессиясы барысында Ерлан Айтаханов Шымкент қаласы бюджетінің көбейгені туралы мәлімдеген еді.