Шымкент қаласының бюджеті 100 млрд. теңгеге көбейді

0
859

Е.Айтаханов: «Бұл жоспарды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қолдады».


Шымкент қаласының бюджеті 100 млрд. теңгеге көбейді

Шымкент қалалық мәслихатының кезекті елу сегізінші сессиясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аталған жиын барысында Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов 2020-2022 жылдарға арналған қала бюджетінің артқанын және оны қандай бағыттарда қолданатынын айтып, түсіндіріп берді.

«Шымкент қаласының келер жылдарға арналған бюджеті 342 млрд. теңгеден асты, демек 2019 жылғы бюджеттен 100 млрд. теңгеге артық. Мен әкім болып сайланғанда жұмысты қала орталығынан алыста орналасқан шалғай елдімекендердің инфрақұрылымынан бастаймын деген едім. Сонымен қатар, ауылшаруашылығы, тұрғын үй секілді бірнеше нақты жұмыстар бар. Қаржының басым бөлігі осы салаларға жұмсалады. Тиісінше, қаладағы проблемаларды анықтап, 3 жылдық жоспар құрдық», - деді Ерлан Қуанышұлы өз сөзінде.

Сонымен қатар, бұл жоспарды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қолдағанын атап өтті.