Ол Шымкентте 8-18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының қатысушылары мен ұйымдастырушыларына ыстық ықыласын жолдаған.
Халықаралық Шахмат Федерациясының президенті (ФИДЕ) Аркадий Дворкович Шымкент қаласына арнайы сәлемхат жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ол Шымкентте 8-18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының қатысушылары мен ұйымдастырушыларына ыстық ықыласын жолдаған.
«Биылғы турнир Сіздерде өтіп, шахматтан жаңа жас таланттарды анықтағанына сенімдімін және Шымкент – елдің шахмат астаналарының бірі атануға құқылы екенін тағы да дәлелдеді» ,- деп атап өткен хатта.
Сондай-ақ, ФИДЕ президенті жарысты өткізгені үшін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке және чемпионаттың демеушілеріне алғысын білдірген.