“Халықтың мәселесі күн тәртібінен түспейді” - Әйтенов

0
561

Шаһар басшысы Қазығұрт шағынауданындағы инфрақұрылым жүйелерімен қамту жұмыстарының барысын қадағалады.


“Халықтың мәселесі күн тәртібінен түспейді” - Әйтенов

Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Абай ауданына қарасты «Қазығұрт» шағынауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Мемлекет басшысы халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша нақты тапсырмалар міндеттеді. Сондықтан қалада инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнестің өркендеуіне, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау міндеті басты назарда. Яғни халықтың мәселесін күн тәртібінен түсірмек емеспіз. Бұл бағытта бар күш-жігерімізді салып жұмыс жасайтын боламыз», - деді қала басшысы тұрғындармен тілдесу барысында.
Әкім шағынаудан электр жарығы, ауыз су және табиғи газбен толық қамтылғанын атап өтіп, алдағы уақытта Мақталы, Жұлдыз, Баянауыл көшелерін жарықтандыру, екі балалар ойын алаңшасын салу, Жастар, Қазына, Алмалы, атауы жоқ 1,2,3,4 өткелдерге бюджет есебінен асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып жатқанын айтты.
Сонымен қатар, Мұрат Әйтенов елді мекен инфрақұрылымын одан әрі дамытып, сауда және әлеуметтік нысандарды салу керектігіне назар аударды.
Өз кезегінде тұрғындар шағынауданды дамыту бойынша атқарылған жұмыстар үшін қала әкіміне алғыстарын жеткізді.
Қазіргі уақытта елді мекен тұрғындарына №34 және №60 бағыттағы автобустар тұрақты қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, А-2 тас жолы бойынан №21,56,96 маршруттар қатынайды.
Бұдан бөлек, шаһар басшысы Қазығұрт» шағынауданындағы инфрақұрылым жүйелерімен қамту жұмыстарының барысын қадағалады.