"Құрғақ шөптер тазартылмаған": Шымкенттегі "Дендросаябақ" аумағында өрт шықты

0
552

Дендросаябақтың аумағы құрғақ шөптерден тазартылмағандықтан, жауапты тұлғалар ҚР ӘҚтК-ның 410-баптың 2-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.


Шымкент қаласындағы "Дендросаябақ" аумағында өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оқиға орнына жетіп келген алғашқы өрт сөндіру бөлімдері саябақ аумағындағы құрғақ шөп жанып жатқандығын анықтаған. Өрттің көлемі 0,25 га құрайды.

"Өртті сөндіруге Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің 24 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 19:25-те оқшауланып, сағат 19:31-де толығымен сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ", - делінген баспасөз хабарламасында.

Дендросаябақтың аумағы құрғақ шөптерден тазартылмағандықтан, жауапты тұлғалар ҚР ӘҚтК-ның 410-баптың 2-тармағына сәйкес әкімшгілік жауапкершілікке тартылады.