«Қызым зорланған»: Әділдік іздеген шымкенттік ана Президентке үндеу жолдады

0
803

Бұл туралы белгілі заңгер Айгүл Орынбек әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.


«Қызым зорланған»: Әділдік іздеген шымкенттік ана Президентке үндеу жолдады

фото: видеодан скриншот

Әділдік іздеген шымкенттік ана Гүлмира Әмзеева Президентке видео үндеу жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы белгілі заңгер Айгүл Орынбек әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Мен Әмзеева Гүлмира Тұрмахановна 30 желтоқсан күні күні қызым жоғалып, Абай АПБ-не барып, қызыма арыз жаздым. Ол кісілер 30,31,1,2 күні қараған жоқ. Мен түнгі уақытта Айгүл ханымға хабарласып, «маған көмектесіңізші, менің қызымды іздемей жатыр» деп видео үндеу жібердім. Содан кейін таңғы сағат 08:30-да қызымды іздеуге кірісті. Мен қызым табылғанша күні-түні сол кісілермен жүрдім. Кейін қызым табылған соң, оны маған көрсеткен де жоқ. Департаментке барған кезде «қызыңыз өзіңізге бармайды» деп видео жариялап, менсіз экспертиза жасап, бүкіл нәрсенің бәрін өздері жасады. Мені үйге қайтарып жіберді. 6-сы күні арыз жаздым, содан бері 2 апта өтті ешқандай арыз көрсетілген жоқ, жауап берілген жоқ, ешкім звондаған да жоқ! Енді экспертиза бәрін өздері өткізген. Қасында 3 бала болған, оны бізге айтпай, өздері тексертіп «қыз екен» деп айтты», - делінген видео үндеуде.

Анасының сөзінше, ол Айгүл Орынбекпен бірге қызды қайта тексеруден өткізген. Тексеру нәтижелерінің қорытындысына сәйкес, қызда зорлық белгілері анықталған.

«Мен Айгүл ханымға жүріңізші, екеуміз тексертейікші деп қайта-қайта жазып жүріп, бүгін барып тексерген кезімізде қызым жақын арада зорланған боп шықты. Сізден көмек сұраймын, мына жақты ешкім бізді қарап жатқан жоқ, адам екен деген жоқ! Бүгін прокуратураға барған кезде «сіздердің арыздарыңыз списаниеге кетті, болды ешқандай ешкім қарап жатқан жоқ» деді. Қасым-Жомарт Тоқаев сізден көмек сұраймын, маған көмектесіңізші!», - деді шарасыз ана.

Еске сала кетейік, 30 желтоқсанда жасөпірім қыз туыстарымен жанжалдасып үйінен шығып кеткен. Қызынан хабар болар деп кешке дейін күткен анасы Гүлмира Әмзеева қараңғы түсе полицияға арызданған. Алайда, жоғалған қыз 1 аптадан кейін табылды. Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, жасөспірім қыз бұл күндері бейтаныс адамдардың үйінде жасырынған. Өз бетінше жұмысқа орналасуға тырысқан көрінеді.