Шымкентте жоғалып кеткен жасөспірім қыз бір аптадан кейін табылды

0
1 046

Жасөспірім үйіне барудан түбегейлі бас тартып отыр.


Шымкентте жоғалып кеткен жасөспірім қыз бір аптадан кейін табылды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте жоғалып кеткен 15 жасар қыз 7 күннен кейін табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, 30 желтоқсанда Абай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын кәмелеттік жасқа толмаған қызы жоғалғаны туралы шағымданған болатын. Белгілі болғандай, қыз туыстарымен жанжалдасып үйінен шығып кеткен.

"Шымкент қаласы Полиция департаментінің жедел уәкілдері, учаскелік инспекторлар мен еріктілер жоғалған қызды 7 күн бойы тоқтаусыз іздеді. Баланы іздеу жұмыстары Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында болды. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жедел уәкілдер жасөпірімді темір жол вокзалында тапты", - делінген жазбада.
Ведомство мәліметінше, жасөспірім қыз бұл күндері бейтаныс адамдардың үйінде жасырынған. Өз бетінше жұмысқа орналасуға тырысқан көрінеді.
Кәмелетке толмаған қыздың айтуынша, үйден қашуға оның анасының жиі ұрып-соғуы себеп болған. Жасөспірім үйіне барудан түбегейлі бас тартып отыр.
"Қазіргі таңда әкімдік, Білім басқармасы және полиция қызметкерлері тарапынан арнайы комиссия құрылды. Олар анасын ата-ана құқығынан айыру туралы құжаттарды жинайды. Бұл уақыт аралығында қыз кәмелетке толмағандарды бейімдеу және оңалту орталығына орналастырылады", - - делінген полиция таратқан хабарламада.
Айта кетейік, жасөспірім қыздың бұған дейін яғни, 2022 жылы 3 рет үйінен кетіп қалып, полиция қызметкерлерімен ата-анасына қайта тапсырылған жазған болатынбыз.