Мәжілісінің депутаты Руслан Берденовтің Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді

0
479

​Шымкенттік кәсіпкерлердің көтерген мәселелері көп.


Мәжілісінің депутаты Руслан Берденовтің Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Руслан Берденовтің Шымкент қаласына жұмыс сапары басталды.

Сапар барысында мәжіліс қабырғасында қызу талқыланған «халықты сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» мәселесі аясында депутат «МARAI» зауытына барып, бүгінде еліміздің басым тұрғыны тұтынатын медицининалық бұйымдардың халықаралық стандартқа сай өндірілуімен, сақталуымен танысты. Сонымен қатар, нарықты бағындыруда отандық кәсіпкерлер қандай кедергілерге тап болатынын білу мақсатында «АзияТрафо» зауытының ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында шымкенттік кәсіпкерлер нормативтік-құқықтық құжаттардың, құзырлы министрліктердің бұйрықтарының кесірінен үлкен кедергілерге тап болғанын жеткізді. Мәселе депутаттың және Respublica партиясы Шымкент қалалық филиалының жіті бақылауына алынды.

Жігерлі жастар - жарқын болашақтың кепілдігі. Елдің ертеңі үшін ерінбей еңбек ететін ерлерді өзіміз тәрбиелеуіміз қажет. Respublica партиясының депутаты Руслан Берденов ұлтқа қызмет, қоғамның дертіне айналған құмар ойындардың зияны жайлы, жалпы республика көлемінде 5 мыңға жуық жастарға мотивациялық тренинг өткізген. Осы дәстүр аясында Шымкентте 150-дан астам студент және жас кәсіпкерлермен кездесті. 2 сағатқа созылған жиында оларға жігерлендіретін әңгіме өрбітіп, толғандырған сұрақтарырына жауап берді.

Бұдан бөлек, қоғамды алаңдатқан өткір мәселелерді көтеріп жүрген азаматтың Шымкент қаласына келгенін естіген ана арнайы келіп, Руслан Берденовке кішкентай батырдың тұсауын кестірді. Айта кетсек, Respublica партиясының да өз бағдарламасында халқымыздың бай мұрасын, құндылықтарын дәріптеу басым бағыттардың бірі.

Бүгінде халыққа қызмет көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар стратегиялық нысан болып табылатын ғимараттарға қатысты тұрғындар тарапынан көп шағым түседі. Осы кемшіліктер қалай жойылып жатқанын көру мақсатында депутат Шымкент қаласының жаңа əуежайының құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Халықаралық стандартқа сай 37 мың шаршы метрді құрайтын ғимараттың құрылысы 95 пайызға дайын. Ол бірден 2 мыңнан астам азаматқа қызмет көрсете алады. Жоспарға сәйкес әуежайдың техникашық ашылуы 15-ші тамызға жоспарланған. Толық іске қосылуы биыл қыркүйек айында күтілуде.

Бөлісу