Көктем маусымында ең алғаш гүлдеп, қалаға ерекше көрік және сән беретін 1 миллион 300 мың қызғалдақ гүл егілді.
Шымкент қаласы биыл гүл жайнаған қалаға айналады. Шуақты өлкенің жасыл желегі бұрынғысынан да көркейіп, жайқала түспек. ТМД елдерінің мәдени астанасы мәртебесін иемденген шаһар қонақтарды қала көркін келтіруші әсем гүлдермен қарсы алмақ, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Көктем маусымында ең алғаш гүлдеп, қалаға ерекше көрік және сән беретін 1 миллион 300 мың қызғалдақ гүл егілді. Шымкенттің символы болып табылатын қызғалдақтың басым көпшілігі голландық сұрыптағы сары, қызыл, көк, қызғылт және күлгін түсті.
Қызғалдақ гүлдерінің гүлдеу маусымы аяқталғаннан кейін, яғни, олардың орнына басқада жаздық гүлдер егіледі. Биыл олардың саны екі есеге артпақ. Яғни, 2 миллионға жуық жаздық гүл көшеттерін отырғызу жоспарлануда. Бұдан бөлек, осы жылы көктемгі және күзгі маусымдарында көпжылдық 25 мың данадан астам раушан гүл көшеттері мен 90 мың дана лигуструм бұтақшалары, 30 мың дана қылқан және жай жапырақты ағаш көшеттерін отырғызылады деп күтілуде.
Осылайша әсем гүлдер мен жасыл желек үшінші мегаполистің ажарын аша түспек.
Қаланы көріктендіруші мамандардың айтуынша, гүлдер сәулетшілер мен суретшілердің бірлесіп сызған эскизіне сай егіледі.