​МҰХТАР ШАХАНОВ ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

0
208

Басқосуда сөз сөйлеп, ақ батасын берген Шаханов жастардың сұрақтарына жауап беріп, түрлі кеңестермен бөлісті.


​МҰХТАР ШАХАНОВ ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстанның халық жазушысы, ғасыр тұлғасы Мұхтар Шаханов Шымкенттік жастармен кездесті. Шығармашылық кеш М.Әуезов атындағы ОҚУ-де өтті.

Іс-шарада ақынның өлеңдері оқылып, жиналған жұрт драматург жайында біраз ақпар білді. Басқосуда сөз сөйлеп, ақ батасын берген Шаханов жастардың сұрақтарына жауап беріп, түрлі кеңестермен бөлісті. Егеменді еліміздің, жалпы қарға тамырлы қазақ қоғамына еңбегі сіңген азамат азаттықтың мәніне кеңінен тоқталып, ақындық жолдың ауыр екенін еске салды. Сондықтан, ақын деген атқа лайық болу, оны қорғау керектігі айтылды.
Қазіргі жастарға көңіліңіз тола ма деген студенттің сауалына, Мұхтар аға әдемі жауап берді.
- Жастар әр қилы. Бірақ шындық биігінен көрінуді мақсат тұтпаған адамды мен еркек деп, әйелді әйел деп есептемеймін. Себебі адамдар тек шындық жерде ғана бақытты өмір сүреді. Ал, бүгінгі жастар сол биікте көрінсе деймін, - деді ақын өз сөзінде.
Кеш соңында жиналған көпшілік ақынның сөзіне жазылған «Арыстың жағасында» әнін бірге шырқады. Берері мол бас қосуда Шахановтың кітаптарынан көрме қойылған. Сондай-ақ, ақынның қолтаңбасымен жаңа кітаптары да ұсынылды.
Бөлісу