"Ақтас" шағынауданындағы су және газ жүйелерінің құрылыс барысын аралап көрді.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Ақтас» шағынауданындағы су және газ жүйелерінің құрылыс барысын аралап көрді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ақтас-2 шағынауданын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында мердігер мекеме «Алтын констракшен» ЖШС-і тарапынан құрылыс жұмыстары атқарылуда. Биыл шілде айында басталған құрылыс жұмыстарын қараша айында аяқтау жоспарда.
Жалпы ұзындығы 50,9 шақырым суаққының 43,0 шақырымнан астамы салынып, құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Жалпы жұмыстың (ІІ көтеру сорғы стансасын орнату, өрт сөндіру гидранттарын және ысырма (задвижка) орнату) 95 %-ы орындалды. Құрылыс толық аяқталғаннан кейін тұрақты түрде сапалы ауыз су берілетін болады.
Қала әкімі абоненттеу жұмыстарын жүйелі ұйымдастырып, тұрғындарға бұл бағыттағы жұмыстарды түсіндіру бойынша тапсырма берді.
Сондай-ақ, шағынауданды табиғи газбен қамту бойынша мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС-і тарапынан құрылыс жұмыстары биыл қазан айында басталады.
Жобаның жалпы құны– 536 млн теңге. Газ құбырының ұзындығы – 17 шақырым. Құрылыс жұмыстары 2022 жылға өтпелі.