Мұрат Әйтенов газ құбырында болған авариялық жағдайды өз бақылауына алды

0
804

Қазіргі таңда оқиға орнында тиісті сала мамандарының жедел бригадасы жұмыс істеуде.


Мұрат Әйтенов газ құбырында болған авариялық жағдайды өз бақылауына алды

Шымкент қаласында авариялық жағдайды ретке келтіру жұмыстарын жеделдету тапсырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

5 желтоқсан күні қала аумағында жоғары қысымды газ құбырында авариялық жағдай орын алған болатын.
Қазіргі таңда оқиға орнында тиісті сала мамандарының жедел бригадасы жұмыс істеуде. Жөндеу жұмыстары тез арада аяқталып, газ беру қалпына келтірілетін болады.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов жағдайды тікелей өз бақылауына алып, тиісті мамандарға қалпына келтіру жұмыстарын сапалы әрі жедел орындауды тапсырды.
"Ретке келтіру жұмыстары бүгін аяқталады. Іске қосу жұмыстары бірте-бірте жүзеге асырылуына байланысты газ құрылғыларын қолдану кезінде қауіпсіздік шараларына мән берулеріңізді сұраймыз", - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.
Қала аумағында тұрғын үй, қоғамдық және коммерциялық мақсаттағы объектілерді қоса алғанда “Наурыз”, “Тұран”, “Түркістан”, “Бам”, “Нұрсәт”, “Қайтпас”, “Әкімшілік-іскерлік орталық аумағы” бойынша және “Тұмар”, “Дендропарк”, “Биік”, “Сайман”, “Наурыз парк” тұрғын үй кешендері мен “Нұрсәт” шағын ауданына қарасты қазандықтар бойынша газ беру жұмыстары уақытша тоқтатылып, ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.