Мұрат Әйтенов кәсіпкерлік нысандарды аралады

0
590

Шаһар басшысы Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабында орналасқан «Тассай құс» ЖШС-не барды.


Мұрат Әйтенов кәсіпкерлік нысандарды аралады
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ауылшаруашылығы бағытында жұмысы қарқын алған кәсіпкерлік нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шаһар басшысы Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабында орналасқан «Тассай құс» ЖШС-не барды. Биыл шаруашылықты кеңейтіп, өнімділікті арттырған өндіріс орны 15 адам жұмыспен қамтып отыр.
Жоба құны – 250 млн теңге. Кәсіпкерлер жылына 35 млн дана жұмыртқа өндіріп, нарыққа шығарып келген. Келесі жылдың қаңтарынан бастап өнімділікті 50 млнға жеткізуді жоспарлауда.
Аталған өндіріс германиялық HELMANN POULTRY GMBH CO.KG технологиясы бойынша жұмыс істейді.
Құс шаруашылығына маманданған кәсіпорынға 2020 жылы 29,7 млн теңге мемлекеттік қолдау көрсетілген. 2021 жылы 37,7 млн теңге қолдау көрсету жоспарлануда.
Мұндай өндіріс орындарын қолдау, нарықтық бағаны тұрақтандыруда маңызды қадам.