Мұрат Әйтенов Қытай инвесторларымен кездесті

0
1 001

Инвесторлар қалдықтарды қайта өңдеу арқылы синтез-газ шығаруды көздейді.


Мұрат Әйтенов Қытай инвесторларымен кездесті

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов коммуналдық қалдықтарды өңдеумен айналысатын кәсіпорын жобасын ұсынған China Railway Construction Corporation қытай компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Инвесторлар қалдықтарды қайта өңдеу арқылы синтез-газ шығаруды көздейді. Қазір қытайлық, испаниялық, германиялық инвесторлар мен отандық компаниялар осы бағытта түрлі ұсыныстарын білдіруде.
Мұрат Дүйсенбекұлы холдинг өкілдеріне мегаполис ерекшеліктерін ескере отырып, қалдықтарды сұрыптау бағытын қарастыруды ұсынды. Компания бір ай ішінде қала аумағында қалдықтарды жою бойынша талдау жұмыстарын жүргізіп, жобаларын пысықтайды. Сондай-ақ, тараптар көлік инфрақұрылымын дамытуға инвестиция тарту мәселесін де қарастырды.

Еске сала кетейік, Мұрат Әйтенов Қазақстан Корейлер Қауымдастығының өкілдерін қабылдаған болатын. Кездесу барысында Корея Республикасы мен Шымкент қаласы арасындағы өзара ынтымақтастық, мәдени және этносаралық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды.

Бүгінгі таңда үшінші мегаполисте 6618 корей тұрады. Екі елдің дипломатиялық қатынастары нәтижесінде Шымкент пен Корея арасындағы тауар айналымы жылдан жылға артып келеді. Былтыр тауар айналым көрсеткіші 45466,18 мың АҚШ долларын құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 188% - ға жоғары. Қазір елімізде Samsung, Hyundai, Lotte, Posco, KNOC және басқа да жетекші корпорацияларды қоса алғанда, корей капиталы бар 550-ден астам кәсіпорын жұмыс істеуде.

Алдағы уақытта қос тарап сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды күшейтуге уағдаласты. Президенттің тапсырмасы бойынша биыл сәуір айында елімізде іске асырылып жатқан барлық инвестициялық жобалардың бірыңғай пулы қалыптастырылды. Аталған пул тоқсан сайынғы негізде жаңартылып, министрліктер мен әкімдіктердің сайттарында жарияланды. Көптеген жобаларды іске асыру 2025-2026 жылдарға дейінгі кезеңдерді қамтиды.