Сонымен қатар барлық жұмыстардың сапалы, уақытылы атқарылуын назарда ұстауды ескертті.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Нұртас, Асар-2 шағынаудандарын инфрақұрылыммен қамту жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазір 18 мыңға жуық халқы бар Нұртас елдімекенінде кәріз жүйесін тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 62,6 шақырымды алып жатқан кәріз жүйесінің құрылысы 2024 жылы толық аяқталады. Құрылыс барысын қадағалаған қала әкімі энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысына жергілікті әкімдікпен бірлесе абоненттеу жұмыстары бастауды тапсырды.
Сондай-ақ, Шымкенттегі Қайнарбұлақ тұрғын алабында инфрақұрылым құрылыс қарқынды жүргізілуде, Қайнарбұлақ тұрғын алабын ауыз сумен қамту құрылысы жоспарға сай кезең кезеңімен жүзеге асуда. Ауыз су жүйелерінің жалпы ұзындығы 329,8 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда 30%-ы тартылған. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталады. Ал, табиғи газбен қамту құрылысы II кезең бойынша жүргізілуде. І кезең бойынша жалпы жұмыс көлемінің 25%-ы аяқталған. ІІ кезеңнің де құрылыс жұмыстары қарқынды. Тұрғындар игілігіне келесі жылы берілмек.
Сондай-ақ елді мекенді сапалы электр қуатымен қамту бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Электр жүйелерінің жалпы ұзындығы 68, 6 шақырымды құрайды. Бүгінде оның 40%-ы аяқталды. 2023 жылдың алғашқы жарты жылдығына дейін жергілікті халық сапалы электр жарығын тұтынатын болады.