Мұрат Әйтенов Шымкенттің әкімі болып қайта тағайындалды

0
665

Ол 2020 жылдың 21 қаңтарынан бастап Шымкент қаласының әкімі қызметін атқарып келеді.


Мұрат Әйтенов Шымкенттің әкімі болып қайта тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мұрат Дүйсенбекұлы 1981 жылы дүниеге келген.

Мұрат Әйтенов С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын, Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университетін және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы инженер, заңгер.
Еңбек жолында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде, ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі, аппарат басшысы, ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары және Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
2020 жылдың 21 қаңтарынан бастап Шымкент қаласының әкімі қызметін атқарып келеді.