Мұрат Әйтенов «Түрік және қазақстандық іскерлер қауымдастығының» бас хатшысын қабылдады

0
719

Қабылдау барысында Мұрат Әйтенов мегаполистің даму бағыттарымен бөлісті.


Мұрат Әйтенов «Түрік және қазақстандық іскерлер қауымдастығының» бас хатшысын қабылдады

Шымкент қаласының әкімі «Түрік және қазақстандық іскерлер қауымдастығының» (ТУКИБ) Бас хатшысы Анзор Гусейновті қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әкім қабылдауында инвестиция, қаладағы түрік бизнесмендерінің кәсіпкерлігін қолдау және қорғау, жалпы екі жақты ынтымақтастықты нығайту аясында сөз болды.
Қабылдау барысында Мұрат Әйтенов мегаполистің даму бағыттарымен бөлісіп, Шымкентті елідегі ірі өнеркәсіптік және сауда орталығы ретінде танытып өтті.
Тығыз қарым-қатынастар инвестициялық қызығушылыққа ұласып, екі елдің іскерлер қауымдастығының құрылуы, бауырлас елдер арасында сауда-экономикалық өсімнің жоғарылауына үлкен септігін тигізді.
Бүгінгі таңда түрік капиталының қатысуымен Шымкентте бірқатар жобалар - жеңіл өнеркәсіп саласында 7 және құрылыс индустриясында 1 жоба жүзеге асты. Нәтижесінде 28,3 млн. АҚШ доллар инвестиция тартылып, жаңа 500-ден аса жұмыс орны құрылды.
"Біздің басты мақсатымыз — қаламызды өмір сүруге қолайлы және бизнес жүргізу үшін жайлы мегаполиске айналдыру. Оған қол жеткізу үшін инвестициялық қоғамдастықпен жемісті ынтымақтастықты жалғастыра береміз", - деді шахар басшысы.

Шымкентке инвестиция тартудың артықшылықтары ретінде қалада 4 өнеркәсіптік аймақтың, онда инвесторларға ұзақ мерзімді жалға берілетін тегін жер телімдері, дайын инфрақұрылым және коммуналдық қызметтерге төмендетілген тарифтер ұсынылатынын айтып өтті.

Өз сөзінде Анзор Гусейнов қала әкіміне екі ел ынтымақтастығына көрсеткен ыстық ықыласына алғысын білдіре отырып, қауымдастықтың Қазақстан мен Түркияның кәсіпкерлері арасында «көпір» бола отырып, инвестициялық климатты жақсарту, сауда, өнеркәсіп және экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту, кәсіпкерлерге қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша кеңес беру, әлеуметтік-мәдени байланыстарды нығайту бағытындағы жұмыстардың жалғасатынын жеткізді.