​“ОРДАБАСЫ” клубы маусымды қарызсыз бастады

0
302


​“ОРДАБАСЫ” клубы маусымды қарызсыз бастады

«Ордабасы» клубының 2024 жылға дейінгі қарызы толықтай өтеліп, қала әкімінің қолдауымен Клуб маусымды қарызсыз бастады.

Жаңа маусымға ойыншылармен және жаттықтырушылармен келісім-шарт жыл басында жасалған. Яғни, клубтың бұрынғы басшысы Абдубайтов Бауыржан Дене шынықтыру және спорт басқармасының келісімінсіз ойыншылардың жалақысын көтеру бойынша келісім-шарт түзген.

УЕФА және Қазақстан футбол федерациясының талаптарына сәйкес келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда шарт сомасы толық өтеледі. Маусым ортасында келісім-шартты тоқтату қосымша шығындарға алып келеді. Сондықтан келісім-шарт жасасу мәселесі маусым аяқталғаннан кейін қаралатын болады.
Осыған орай, Ордабасы командасымен шұғыл жиналыс ұйымдастырылып, алдағы өтетін жауапты ойындарға дайындалу бойынша нақты тапсырмалар берілетін болады.
Бөлісу