Тергеу мен соттан қашып жүрген.
Халықаралық іздеудегі теріс діни ағым өкілі Шымкентте ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Алгоритм” бағыттамасына сүйене отырып, жедел-іздестіру шаралар жүргізу барысында 32 жастағы көрші елдің азаматын құрықтады. Өзбекстан Республикасында ірі көлемде ұрлық жасап, тергеу мен соттан қашып жүрген ер адам қала аумағындағы көшелердің бірінде қолға түсті.
Тәртіп сақшылары ел аумағында заңсыз жүргенін және теріс діни ағымды ұстанушылардың қатарынан екенін анықтады. Қазіргі таңда шетелдік қамауда. Оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау жұмыстары жүргізілуде.