ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

0
581


ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Таңсауле Серіков «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының жұмысымен танысты.

Орталық 2029 жылдан бері зейнеткерлерге жартылай стационарлық жағдайда қызмет көрсетіп келеді. 2023 жылы мұнда 12 мыңға жуық зейнеткер қызмет алса, жыл басынан бері 4140 адамға қызмет көрсеткен.
Қызмет алушы орталыққа келгенде бірінші кезекте дәрігердің тексеруінен өтеді. Мұнан кейін ардагерлер психолог кеңесі, музыка терапия, еңбек терапиясы, шахмат, дойбы ,бильярд, үстел теннисі, тренажер залы, кино зал, йога, хореография т.б. секілді қызмет түрлерін пайдаланады.
Осылайша «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының қалада үш бөлімшесінде қазір 800 зейнеткер 32 қызмет алып жатыр.
Мәжіліс депутаты Таңсауле Ғабдыманапұлы Шымкент қаласында зейнеткерлерге жасалған жағдайға оң бағасын беріп, орталықтың жұмысына сәттілік тіледі.
Бөлісу