​«Пәтер алып беремін»: Шымкентте 20-дан астам тұрғынды алдаған азаматша сотталды

0
605

Алаяқтың арбауына 21 тұрғын түсіп, жалпы сомасы 34 млн ақша берген.


​«Пәтер алып беремін»: Шымкентте 20-дан астам тұрғынды алдаған азаматша сотталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында 21 тұрғынды алдаған азаматша 4 жылға сотталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ол екі жыл бойы азаматтарға «мемлекеттік бағдарламамен пәтер алуға көмектесемін» деп алдап келген. Алаяқтың арбауына 21 тұрғын түсіп, жалпы сомасы 34 млн ақша берген.
"Алаяқтықты кәсіп еткен 27 жастағы азаматша қала аумағында соғылып жатқан көпқабатты тұрғын үйлерден танысы арқылы пәтер алып бере алатындығын алдап айтып, өзін жарнамалап, тұрғындардың сеніміне кіріп, ақшаларын өз пайдасына жаратып отырған", - делінген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, балаларын қарату үшін үйіне жұмысқа алған келіншектің банк картасын алдап сұрап алып, ұялы телефонына оның қосымшасын орнатып қойған. Ал жәбірленушілер берген ақшаның бәрі сол картаға түсіп отырған. Келіншек бұл алаяқтық әрекетті білген сәтте полицияға арызданған.

Бұдан өзге, басқа жәбірленушілерден алған ақшаны кездейсоқ адамдарға өтініш жасап, банкоматтардан шешіп жүрген.

Үйді ала алмай, алданғанын білген тұрғындар полицияға арызданған. Тәртіп сақшыларымен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары барысында, куәлерден жауап алып, сұрастыру жұмыстары жүргізіліп, банктік аударымдар тексеріліп, азаматшаның алаяқтық ісі дәлелденген.
Нәтижесінде қылмыстық істі жасағаны үшін азаматша 4 жылға сотталған.