"Полицейдің туысы": Шымкентте қызметтік көлікті айдап кеткен жасөспірім ұсталды

0
1 427

Әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында полицияның қызметтік көлігі бейнеленген бейнежазба анықталған.


Шымкентте қызметтік көлікті айдап кеткен жігіт ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында полицияның қызметтік көлігі бейнеленген бейнежазба анықталды. Рульді жас жігіт тізгіндеген.

Автокөлікті полиция департаменті бөлімшелерінің бірінің басшысының туысы басқарғаны анықталды.
Қаратау АПБ қызметкерлері лауазымды тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі "Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы" бойынша әкімшілік хаттама толтырғанын хабарлаймыз.
Қазіргі уақытта осы факт бойынша Шымкент қаласының ПД жеке құрамы инспекциясы қызметтік тергеу жүргізуде, оның нәтижелері бойынша атқаратын лауазымынан шеттетілгенге дейін тәртіптік ықпал ету шаралары қабылданатын болады", - деп жазылған хабарламада.