ШЫМКЕНТ: «Qazaq Qazynasy» кілемдер цехы ашылды

0
1 684

Енді ерекше қамқорлықты қажет ететін балалардың ата-аналары «Qazaq Qazynasy» цехында тегін оқу курстарынан өтіп, кілем тоқу, киіз басу бойынша жұмыс жасай алады.


ШЫМКЕНТ: «Qazaq Qazynasy» кілемдер цехы ашылды

«Qazaq Qazynasy» кілемдер цехы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елімізде ерекше балаларға көп көңіл бөлініп келеді. “Кедергісіз келешек”, “Тең мүмкіндіктер әлемі”, “Арман әлемі” деген қоғамдық қауымдастықтар жоспарлы түрде жұмыс жасауда. Аталған ұйымдар мен инклюзивті білім беруді жүзеге асырып келе жатқан мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарының мақсаты бір. Қамқорлықты қажет ететін балаларды қоғамнан тыс қалдырмау. Дегенмен, сол балаға күтім жасайтын ата-аналарда жұмыссыз қалмауы тиіс. Осы мәселені бірнеше жылдан бері назарға алған “Арман Әлемі” кедергісіз қозғалыс заңды тұлғалар қауымдастығы бүгін «Qazaq Qazynasy» қазақ қол кілемдері цехының салтанатты ашылуы рәсімін өткізді.

Енді ерекше қамқорлықты қажет ететін балалардың ата-аналары «Qazaq Qazynasy» цехында тегін оқу курстарынан өтіп, кілем тоқу, киіз басу бойынша жұмыс жасай алады. Бүгінде цехта 5 қыз келіншектен құралған 2 топ бар. Кілем тоқумен қатар киіз басумен де айналасады. Алдағы уақытта 4 кілем құрылғысын 10 данаға көбейту жоспарда бар дейді ұйымдастырушылар.
“Qazaq Qazynasy” басшысы Фарида Бакибаева жобаның мақсытымен таныстырды.
- Кілем цехында біз қазақтың кілем тоқуын анықтайтын күрделі техникалар мен көркемдік дәстүрлерді ұстанамыз. Әрбір кілем - бұл өз білімі мен дағдыларын ата-бабаларынан мұра еткен тәжірибелі шеберлер мұқият жасаған өнер. “Арман Әлемі” кедергісіз қозғалыс заңды тұлғалары бірлесіп, Бизнес Инкубатор жобасын іске асырдық. Цех ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналар, мүгедектігі бар қыз келіншектерге арналған. Біздің Бизнес Инкубаторда келекшекте басқа да бизнес бағыттарын ашамыз,-дейді Фарида Бакибаева.